“Қыз Жібек” қыздар клубымен, “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде “Қыз Жібек” қыздар клубымен, “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Суханбай ауылдық округінің аға дәрігері Мырзашева Ұлбала, мектеп медбикесі Шыналиева Алтынай, ата -аналар қатысып, қазақ қызының бойындағы ұлттық тәрбиені ұлағаттап, тәрбие тал бесіктен шығатынын кеңінен түсіндіріп өтті. Болашақ ұрпақ- тәрбиесі оның ішінде қыз балаға дұрыс өнегелі тәрбие беру, жөнінде көптеген пікірлер айтылды.