22
сентябрь
2025
Оқушылардың құқықтары мен міндеттері, тәртіп бұзған жағдайда жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 22 қыркүйек күні Қарасу орта мектебіне Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен біріктіріп, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Байзақ аудандық маслихат төрағасы Ақбаев Бақтияр Мұратұлы бастаған арнайы мамандардан жасақталған топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері, тәртіп бұзған жағдайда жауапкершілігі туралы арнайы видеороликтер көрсетіліп, жасөспірімдер мен аға буын арасында ашық диалог барысында пікірлер тыңдалды. Оқушылардың бойында жауапкершілік, адалдық, мейірімділік сынды маңызды құндылықтарды сіңіртуде бұл кездесудің маңызы өте зор деп білемін.