17
сентябрь
2025
«Мықты отбасы-мықты мемлекеттің тірегі » тақырыбында ашық есік күні өтті.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде «Отбасы күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы күніне» орай, «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің тірегі » тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне ата-аналар, мектеп инспекторы, Суханбаев ауылдық округының бас дәрігері Ұ.Мырзашева қатысты. Ашық есік күнінің бағдарламасы төмендегідей болды. ДТІЖО Н.И.Жаксыгулова сөз барысында А. Мокарнеконың “Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата - аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді” деген қанатты сөзін тілге тиек ете отырып, «Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында сөз сөйледі. Мектеп инспекторы Е.Сәмбетов «Заң мен тәртіп-қоғамның басты қаруы» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 8-сынып жетекшісі Қ.Құдайбергенова «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында «Салауатты өмір салты-басты құндылығымыз» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мектеп психологтары М.Данабекова, А.Жамбылбек 11-сынып оқушыларымен «Сөзбен де жаралауға болады» тренинг-сабақ өтті. М.Жантелмиева 10-сынып оқушыларымен «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» өнеге сағатын өтті. «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі С.Тайжұмаева «Қыз тәрбиесі-ұрпақ тәрбиесі» дөңгелек үстелді өтті. Бағдарламада жоспарланған барлық тәрбиелік іс-шаралар өтті. #Адал_Азамат