15
сентябрь
2025
“ Тіл-татулық тірегі” тақырыбында іс-шара өтті.
Төребай Ақбозов орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай “ Тіл-татулық тірегі” тақырыбында іс-шара өтті. Оқушылар тіл туралы өз білгендерін түсіндірді. Мерекеге орай Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің өлеңдері оқылды. Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай Құнанбаевтің қара сөзі оқылып, өлеңдері жатқа айтылды және де биылғы атаулы күндерге байланысты ақын-жазушылардың шығармашылығынан өлең оқылды.