"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5-03-19
Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары:
8 (747) 738 02 90
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Таза Қазақстан" акциясы аясында мектеп ауласына Туя ағашын, Раушан гүлін, жеміс ағаштарын екті
14
март
2025
"Таза Қазақстан" акциясы аясында мектеп ауласына Туя ағашын, Раушан
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Таза Қазақстан" акциясы аясында 15 наурыз күні 5-7 сынып оқушылары арасында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мектеп ауласына Туя ағашын, Раушан гүлін, жеміс ағаштарын екті. Сонымен қатар 13 наурыз мектебімізде аудандық семинар өткізілуі барысында білім бөлімінің әдіскері, шағын жинақталған мектеп ұстаздары мектебіміздің ауласына Туя ағашын екті. Ұстаздарымызда, оқушыларымызда бұл акцияға белсене қатысты. и ещё 2
"Азамат" ұлдар клубыны мектебіміздегі аяулы аналарымызды, сұлу қыздарымызды құттықтап қарсы алды
11
март
2025
"Азамат" ұлдар клубыны мектебіміздегі аяулы аналарымызды, сұлу
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 8 - наурыз аналар мерекесіне орай "Азамат" ұлдар клубының жетекшісі АӘБ жәнеТД пәнінің мұғалімі Б Садықовтың ұйымдастыруымен мектебіміздегі аяулы аналарымызды, сұлу қыздарымызды құттықтап қарсы алды.
8 -наурыз халық аралық аналар күніне орай "Батыр ана "тақырыбында іс-шара өтті.
07
март
2025
8 -наурыз халық аралық аналар күніне орай "Батыр ана "тақырыбында
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 8 -наурыз халық аралық аналар күніне орай мектеп ұжымының ұйымдастыруымен, аналардың әйел азаматшалардың, қоғамда алатын орнын, отбасының ерекше мәртебесіне құрмет көрсету бағытында "Батыр ана "тақырыбында ауылымыздың көп балалы аналары, Н Абилова  Г Сәдуова, З Мерсейітова, Б Ержанова шақырылды. Оқушылармыз аналарымызға ән айтып, би билеп,  ізгі тілектерін жеткізді. Аналарға мереке қарсаңында ұжымның атынан сый құрмет көрсетілді. Все реакции:3Айгул
"Ана- гүл, ана- жыр, ана- өмір бұлағы" тақырыбында ұстаздарға арналған концерттік іс-шара өткізілді.
07
март
2025
"Ана- гүл, ана- жыр, ана- өмір бұлағы" тақырыбында ұстаздарға
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 8- наурыз аналар мерекесіне орай "Азамат" ұлдар клубының оқушыларының ұйымдастыруымен "Ана- гүл, ана- жыр, ана- өмір бұлағы" тақырыбында ұстаздарға арналған концерттік іс-шара өткізілді.
"1 наурыз Алғыс  айту күні"  атты кітап көрмесі қойылды.
03
март
2025
"1 наурыз Алғыс айту күні" атты кітап көрмесі қойылды.
өребай Ақбозов атындағы орта мектеп кітапханасында  1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай оқушылардың үлкен- кішіге сүйіспеншілігін  сыпайлық сезімін арттыру мақсатыда "1 наурыз Алғыс  айту күні"  атты кітап көрмесі қойылды. Кітапханашы Ж.Маматаева оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып еліне мектебіне, ұстаздарына деген құрмет сезімі арттырылды.  Кітапты сүйіп оқитын оқырмандарыма  алғысым шексіз.
«Азаматтық қорғаныс-халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
28
февраль
2025
«Азаматтық қорғаныс-халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен
Байзақ ауданы Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 28.02.2025ж 11:00де Облыс әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлының бекітуімен «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Азаматтық қорғаныс-халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.  Жаттығудың мақсаты: мұғалімдер мен оқушыларды және кіші қызметкерлерді жер сілкінісі кезінде мектептен қауіпсіз аймаққа шығаруды үйрету.  Оқу жаттығудың мақсаттары мен іс-шараны
"Ардақтайық ардагерлерді" тақырыбында ауылымыздың қария апасы  Нұрымхан апамызды құттықтады .
28
февраль
2025
"Ардақтайық ардагерлерді" тақырыбында ауылымыздың қария апасы
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Біртұтас тәрби" бағдарламасы "Қамқор" әлеуметтік  жобасы аясында  "Алғыс айту" күніне орай "Жас Ұлан" ұйымының оқушылары "Ардақтайық ардагерлерді" тақырыбында ауылымыздың қария апасы  Нұрымхан апамызды құттықтады . Жас Ұландықтар апамызға ізгі лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін айтты. Мақсаты: Оқушыларымызды үлкендерді құрметеуге, сыйлап алғыс айтуға дәріптеу.
"Жас Ұлан" ұйымының оқушылары құстарға ұя жасап ағаштарға ілді.
28
февраль
2025
"Жас Ұлан" ұйымының оқушылары құстарға ұя жасап ағаштарға ілді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, "Қамқор" әлеуметтік жоспарына сәйкес, "Табиғат анаға алғыс" тақырыбында оқушылардың бойына қамқорлық, мейірімділік табиғатты қорғау сияқты ізгі қасиеттерді дарыту мақсатында "Жас Ұлан" ұйымының оқушылары құстарға ұя жасап ағаштарға ілді.
"HTML-де мультимедияны енгізу" тақырыбында ашық сабақ өтті.
25
февраль
2025
"HTML-де мультимедияны енгізу" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Жаратылыстану және математика пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдар айнасы " тақырыбындағы айлық барысында информатика пәнінің мұғалімі Жанабаев Куаныш Самбетович 10-сынып оқушыларына "HTML-де мультимедияны енгізу" тақырыбында ашық сабақ өтті.
"Жаратылыстану ғылымдар айнасы" тақырыбындағы айлықтың  ашылуы болды.
25
февраль
2025
"Жаратылыстану ғылымдар айнасы" тақырыбындағы айлықтың ашылуы болды.
Жаратылыстану және математика пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдар айнасы" тақырыбындағы айлықтың  ашылуы болды.