"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5-03-19
Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары:
8 (747) 738 02 90
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Ұстаз" филімін тамашалады.
30
декабрь
2024
"Ұстаз" филімін тамашалады.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебі Жетісулық жас талант қоюшы- режиссер Е. Ұшақбаевтың "Ұстаз" филімін тамашалады. Өте әсерлі, мағыналы фильм. Әрбір адамның жүрегінен орын алатын ерекше туынды десек болады. " Ұстаз " фильмі жүрекке үміт сыйлап, көрерменге адамгершілік , адалдық сынды құндылықтарды ұсына отырып, өмірдің мағыналы сәттерін түсінуге шақырады. Бұл фильм ұстаздарға, шәкірттерге және жалпы қоғамға үлкен рухани демеу бола алады деген сенімдеміз.
Рақмет саған, Әліппе" атты  ертеңгілігін өткізді.
23
декабрь
2024
Рақмет саған, Әліппе" атты ертеңгілігін өткізді.
Төребай Ақбозов атындағы орта  мектебінде 1-сынып оқушыларының сынып жетекшісі: Г. Абирова "Рақмет саған, Әліппе" атты  ертеңгілігін өткізді. Құттықтау сөзі мектеп директоры Копбосынова Ақбота әпки оқушыларды әліппемен қоштасу мерекесімен құттықтап, еліміздің білімді де, тәрбиелі ұл-қыздары болып өсе берсін деп жылы лебізін білдірді. Мереке де оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, дипломдармен марапатталды.     Мереке  соңында  ДТІЖО  Н.Жақсығұлова және ата-аналар балаларға ақ тілектерін білдірді.
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ұйымдастыруымен жиналыс өтті.
23
декабрь
2024
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ұйымдастыруымен жиналыс
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ұйымдастыруымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Қасымова "Жадыны дамыту" тақырыбында. Физика пәнінің мұғалімі Ұ. Анарбекова "Балаңыздың ой-пікірін ояту" тақырыбында ата-аналармен таныстырып жұмыс жүргізді. Сабақ аясында орыс тілі пән мұғалімі А. Адасбаева сергіту сәті мен тренингтер ұйымдастырды. Жиналыс барысында әр ата-ана өз ой-пікірін
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығында ата-аналарымен сабақ өтті
23
декабрь
2024
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығында ата-аналарымен сабақ
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде желтоқсан айында "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығымен 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен әлеуметтік педагог А.Алишева және бастауыш пән мұғалімі Қ.Алшоразова "Логикалық ойлауды үйрету " атты сабақ өтті. Ата -аналарды баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі аспектілерімен Ата-аналарға Ы.Алтынсариннің "Бақша ағаштары" атты әңгімесі тыңдалды. Ш.Ахмадуллиннің логикалық ойындардың видеосы көрсетілді. Ата-аналарға логикалық ойлаудың түрлері
«Зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналармен жұмыс түрін ұйымдастыру » тақырыбында дәріс өтті.
23
декабрь
2024
«Зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналармен жұмыс түрін ұйымдастыру
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 2024 жылғы желтоқсан айындағы құқық бұзушылықтың алдын алу барысында атқарылған жұмыстың Анықтамасы   Құқық бұзушылықтың  алдын алу барысында  ата-аналардың құқықтық сауаттылығын  арттыру, ата-аналар қауымдастығымен жұмысы барысында Ата-аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, өзін-өзі тану
"Терроризм актісі туралы жалған ақпаратты таратпау"  тақырыбында түсіндірілді
19
декабрь
2024
"Терроризм актісі туралы жалған ақпаратты таратпау" тақырыбында
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 19.12.2024ж  Құқықтық тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, толерантты сана, діни мәдениетті қалыптастыру мақсатында  "Терроризм актісі туралы жалған ақпаратты таратпау"  тақырыбында дә 9-10 сыныпттарға ДТІЖО Н.И. Жақсыгулова  және құқық пәнінің мұғалімі М.Жантелиева дәріс оқыды. Оқушыларға ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік туралы түсіндіріліп, оның пайдасы мен зияны туралы айтты.  
"Өнегелі он бес минут" сабағына ардагер ұстаздармен кездесу
19
декабрь
2024
"Өнегелі он бес минут" сабағына ардагер ұстаздармен кездесу
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 9-сынып оқушыларымен "Өнегелі он бес минут" сабағына ардагер ұстаздарымыз Бақтыбаева Маржан апки мен Өзбеков Марат ағай мен "Мамандығым -мақтанышым" тақырыбында сыр-сұхпат өтті. Оқушылар ұстаздарға мамандыққа байланысты сұрақтар қойып, сыр-сұхпат жүргізді..  
"Нар тұлғалы-Төребай Ақбозов" тақырыбында баяндама оқыды
17
декабрь
2024
"Нар тұлғалы-Төребай Ақбозов" тақырыбында баяндама оқыды
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде  "Парасатты тұлға-ел дамуының негізгі факторы" тақырыбына байланысты  "Нар тұлғалы-Төребай Ақбозов" тақырыбында баяндаманы 8-сынып оқушыларына кітапханашы Ж.Маматаева оқыды.Оқушылар туған елінің құрметіне бөлінген, есімі көшелерге, білім ордасына берілген қоғам қайраткері Төребай Ақбозовтың өмірбаянымен отбасы және қызмет жолымен таныстырылды.  
"Еңбек ері- Нахманович А.Л" тақырыбындағы сынып сағатын өткізді.
13
декабрь
2024
"Еңбек ері- Нахманович А.Л" тақырыбындағы сынып сағатын өткізді.
Т.Ақбозов атындағы о.м 5 «А» ,5 «Ә», 6-шы сыныптарында сынып жетекшілері А.Касымова, А.Адасбаева, Ұ.Анарбекова  "Еңбек ері- Нахманович А.Л" тақырыбындағы сынып сағатын өткізді. Оқушылар еңбек ері А.Л.Нахмановичтің өмір және  еңбек жолымен танысты. Колхоз басшылығын қолға алған күннен бастап ғылымның жетістіктері мен озат тәжірибелерін енгізіп көл- көсір жетістікке жетуіне үлес қосқан тұлға туралы мәліметтер берілді. Сынып сағатында оқушылар өмір жолы мен еңбек сіңірген еңбектерімен танысты. 
"Арманы үлкен, азат ел" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
13
декабрь
2024
"Арманы үлкен, азат ел" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Арманы үлкен, азат ел" тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен салтанатты жиын өткізілді. Тәуелсіздік - еліміздің ең басты мерекесі.Қазақстанның  жаңа дәуірде қол жеткен барлық табыстарының қайнар көзі- Тәуелсіздік.Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды.