02
сентябрь
2026
Білім күніне орай «Таза Қазақстан – Конституция құндылықтары, экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде Білім күніне орай «Таза Қазақстан – Конституция құндылықтары, экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты жиында әнұран орындалып мектеп директоры А.Көпбосынова ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады, мерекелік іс-шара барысында 1-сынып оқушылары білім, Отан, мектеп туралы тақпақтар айтып, әндер орындап, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік жиынның ерекше сәті – 1-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңыраудың салтанатты түрде соғылуы болды. Алғашқы қоңырау үні жаңа оқу жылының басталғанын білдіріп, бүлдіршіндердің білім әлеміне жасаған алғашқы қадамына жол ашты.