02
октябрь
2026
«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі»
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 1-қыркүйек білім күніне арналған 11 сынып оқушылырымен сынып жетекшісі Жантелиева Мөлдір ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тақырыбы: «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі»
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, азаматтық құқық пен міндет ұғымдарын кеңейту, экологиялық мәдениет пен табиғатқа жауапкершілікпен қарау құндылықтарын қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Конституция, азаматтық жауапкершілік, экологиялық мәдениет, табиғатты қорғау және «Таза Қазақстан» ұғымдарының өзара байланысын талқылады. Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттің немесе арнайы мамандардың міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені түсіндірілді.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, экологиялық мәселелердің себептері мен шешу жолдарын талдады, топтық тапсырмалар орындап, пікір алмасты. Сонымен қатар күнделікті өмірде табиғатты қорғауға бағытталған нақты әрекеттерді анықтады.
Тәрбие сағаты соңында оқушылар «Таза Қазақстанға менің қосар үлесім» тақырыбында өз ойларын білдіріп, кері байланыс жасады.