"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5-03-19
Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары:
8 (747) 738 02 90
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Нар тұлғалы-Төребай Ақбозов» атты еске алу турнирі өтті.
22
май
2026

«Нар тұлғалы-Төребай Ақбозов» атты еске алу турнирі өтті.

Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде «Нар тұлғалы-Төребай Ақбозов» атты еске алу турнирі өтті. Іс-шара екі кезеңге жоспарланды. 
1. «Нар тұлғалы-төребай Ақбозов» атты ғылыми-конференция өтті. «Өнегелі өмір өрнектері» тақырыбында өнеге сағаты өтті. Ғылыми-конференцияға Төребай атаның ұрпақтары,  Байзақ ауданының тумасы, ардагер журналист, ауданымыздың Құрметті азаматы Тұрсынхан Толқынбаев, қоғам қайраткері – Амангелді Карентаев және ауыл әкімі Мадибаев Әбдімурат, және Сәмбет ұрпақтарының кеңесі, ардагерлер кеңесі , ауыл адамдары, мектеп мұғалімдері қатысты.
2. Төребай атаның ұрпақтары  өмір дерегі.
  “Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,  
   Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...” деп, Хакім Абай жырлағандай... елдің жанына сая болып, шипа іздеп, адалдықтың ақ жолын, өнегенің өрнегін ойып, адалдықты ту еткен, қайталанбас  Нар тұлға –Төребай Ақбозов туралы ағымыздан жарыла айтып, өскелең ұрпаққа үлгі ету біздің міндетіміз екені хақ.
   Мына жалған дүние жаны жайсаң, жақсы адамдармен көрікті. Өзінің қара басының жағдайын емес, көптің қамын ойлайтын, үлкен жүректі, тұлғалы азаматтармен ажарлы. Сондай қадірлі де, аяулы, абзал жандардың бірі –Төребай Ақжолұлы Ақбозовтың жарқын жүзі, өнегелі өмірі біздер үшін ұмытылмақ емес.
    Жүрегі таза, жаны жайсаң, жақсы жандарды үш нәрсеге ұқсатып теңеуге болады екен. Алдымен, жақсы адам – шамға ұқсайтын көрінеді. Өйткені, шамның жарығы айналасындағыларға тегіс шашылады. Сосын, инеге теңейді. Ине – киімнің бәрін жамап-жасқап, тігіп-бүтіндейді. Ақырында, жақсы адамдар – жеміс ағашы сияқты. Жемісі мол ағаш басын жоғары ұстамайды, ибалы келіндей иіліп тұрады. Басқалар оның тәтті жемісін таласып жеп, ырзығын пайдаланады...
   ”Атаға тартып ұл туар” демекші, Төребай аға атақты Қосы батырдың жетінші  ұрпағы. 1913 жылы өмірге келген ол сол дәуірдегі қиындықтарды  жеңіп,  білімге құштарлығының арқасында Түймекенттегі орыс, кейіннен Әулиеатадағы Керімбай болыс ашқан  мектептерде білім алды. Шымкенттегі агрономдық курсты, содан кейін Алматыдағы жұмысшы факультеті мен жаңадан ашылған ауыл шаруашылығы институтын бітірген соң 20  жасында Шу аудандық жер бөлімінде егіншілік жөніндегі агроном болып еңбек жолын бастаған. Біліктілігінің және ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында аға агроном, жер бөлімінің бастығы  болып қызмет еткен Төребай Ақжолұлы соғыс жылдарында Ново-Ивановка, Красногор  МТС-терінің, Байқадам машина-мал шаруашылығы станциясының  жұмысын  жолға қойып, ауыл шаруашылығы саласында ірі жетістіктерге қол жеткізген.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив