13
май
2025
"Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран" атты іс-шара өткізілді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерей тойына арналған "Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран" атты іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен аналарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алдық. Мектеп директоры А.Копбосынова барша Қазақ елін Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерей тойымен құттықтады. Оқушылармыз өздерінің патриоттық әні, билерін орындап, тілектерін айтып, Жеңіс туралы өлеңдер оқыды.