27
ноябрь
2025
Аудандық “Шерхан Мұртаза оқулары” байқауы
Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды.Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Ұлағаты мол жазушы Шерхан мұраларын оқып-үйрену барысында аудандық “Шерхан Мұртаза оқуларына” Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінің 10 - сынып оқушысы Сәмбет Ермек қатысты. Байқаудың ІІІ номинациясы “Шерхан Мұртаза мұрасы” тақырыбында жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.И.Жаксыгулованың жетекшілігімен “Шерхан Мұртаза шығармарындағы ұлттық мұра” тақырыбында ғылыми жұмыс жазып, І орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

