04
февраль
2026
“Заң мен тәртіп- мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуы” атты аудандық семинар практикум
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 26 қаңтар күні “Заң мен тәртіп- мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуы” атты аудандық семинар практикумында 7 сынып оқушылармен өткен “Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол” атты танымдық ойын сабағын Қарлығаш Абдралиева және Айсара Нигматуллаева өткізді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету, күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, заң талаптарына сай дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру.


