04
февраль
2026
«Заң және тәртіп» құқық айлығына орай құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған құқықтық оқу өткізді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде «Заң және тәртіп» құқық айлығына орай құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған "ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАРДЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ» тақырыбында мектеп лекторы Аманбеков Бекайдар құқықтық оқу өткізді. Құқықтық тәрбиенің басты мақсаты – оқушыларды құқықтық нормаларды терең түсініп, оларды өмірде қолдана білуге, қоғамдағы тәртіпті сақтауға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу. Бұл болашақ қоғам мүшелерінің әділ және жауапты болуына кепілдік береді.





