15
сентябрь
2026
«Отбасы – махаббат пен сенім мекені» тақырыбында психокоррекциялық кездесу өткізілді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектепте мектеп психологтары тарапынан ата-аналарға арналған «Отбасы – махаббат пен сенім мекені» тақырыбында психокоррекциялық кездесу өткізілді. Кездесу барысында отбасындағы махаббат, сенім, өзара түсіністік және баланы тыңдай білудің маңыздылығы туралы айтылды. Ата-аналарға балаға қолдау көрсету, жылы қарым-қатынас орнату және жағымсыз сөздердің орнына қолдау сөздерін қолдану жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Кездесу барысында ата-аналар психологиялық жаттығуларға қатысып, өз ойларымен бөлісті.