23
февраль
2026
""Тыңдау және құрмет мәдениетін түсіндіру" тақырыбында дебат қозғалысы ұйымдастырылды
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Тыңдау және құрмет мәдениетін түсіндіру" тақырыбында дебат қозғалысы ұйымдастырған 10-11 сынып оқушыларымен түсіндіру жұмысы өтті. Тыңдау – пікірталас барысында қарсы тараптың ойын бөлмей, мұқият тыңдап, негізгі дәлелдерін түсініп, соған сәйкес жүйелі жауап беру қабілеті. Бұл – тек есту емес, ойды саралау, талдау және орынды қарсы уәж келтіру мәдениеті.
Құрмет мәдениеті – дебат кезінде әр қатысушының пікіріне сыйластықпен қарау, жеке тұлғаға емес, ұсынылған идеяға сын айту, сөйлеу әдебін сақтау және эмоцияға берілмей, дәлел арқылы сөйлесу дағдысы.
Маңызы:
Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытады.
Өз ойын нақты әрі мәдениетті жеткізуге үйретеді.
Коммуникативтік дағды мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырады.
Мектеп парламентінде демократиялық орта қалыптастырады.