24
январь
2025
"Ата - ана дауысы" жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ата - ана дауысы" жобасы аясында "Қыз Жібек" қыздар клубының мүшелерімен бірге 9-10 сынып оқушы қыздар арасында "Қызды қырық үйден тыйым" тақырыбында өнегелі ісімен ауыл ішінде өнегелі анамыз Тұрсынкүл апамызды шақырып дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:Қыз-өріс ұл қоныс деп білгендіктен қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. Қызға қырық үйден тыйым жасайды деп отырып қыздарымызға тәлім тәрбие беру барысында, қыздарымызға тәрбиелік мәні бар нақыл сөздердің мағынасын аша отырып ,Тұрсынкүл апамызға оқушылар сұрақтар қойды. Қыз балалардың тәрбиесі ұлттық құндылықтарды сақтауға апамыз өзінің қолынан келетін іскерлігін оқушыларға көрсетіп өтті. Бұл оның мінез-құлқының дұрыс бағытта дамуына әсер етеді. Ұйымдастырушы Абдралиева Карлыгаш Орынбеккызы.