31
май
2024
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» барысында ата-ананың өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Адамзатты Адам қылған – тәрбие. Ұрпақты құстың балапанына теңесек, Білім мен Тәрбие – оның қос қанаты. Егер екі қанаттың біреуі дұрыс жетілмесе, ертең оның зеңгір көкте еркін самғауы неғайбыл. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» барысында ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелей отырып, еліміздің ұлттық мұрасы мен мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеп, білім мен тәрбиені бір арнаға тоғыстырып, оқушы бойына ар-ұят, талап , ұлт алдындағы мүддені орындау сияқты асыл қасиеттерді оқушы бойына сіңіре білдік.