11
ноябрь
2024
"Ертегілер елінде" тақырыбында әжелер ертегі айтып берді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейлерін арттырып, құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерін жүзеге асыру үшін және ата-аналармен ашық, жағымды қарым-қатынас дамытып, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту үшін ата-аналарды мектеп өміріне тарту мақсатында "Ертегілер елінде" тақырыбында "Әжелер" мектебінің мүшесі, бүгінде зейнеткер ардагер ұстаз Әлібекова Назым әпкей 2, 3-сынып оқушыларымен кездесіп, кездесу барысында оқушыларға ертек айтып берді. Ертек айта отырып, ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз кейіпкерлерінің іс-әрекетін айта отырып, балаларға ғибраты мол әңгімелер айтты. Өнегелі іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, апайларымен ой бөлісті.

