07
октябрь
2026
Нурмбетов Галымжан Аманкелдиевич
Нурмбетов Галымжан Аманкелдиевич 1978 жылдың 24 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, (Түркістан облысы) Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1984-1994 жылдар аралығында М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде орта білім алған. Жоғары білімді 2002-2006 жылы Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Тарих және география пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген Үйленген 1ұл, 2 қыздың әкесі Еңбек жолы 2006-2010 жж. қыркүйек айынан Байзақ ауданы Қостөбе орта мектебінді әлеуметтік педагог, тарих пәні мұғалімі қызметінен басталған. 2011-2012 жж Байзақ ауданы Королевка орта мектебі (қазіргі №5 орта мектебі) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары , тарих пәні мұғалімі 2013-2018 жж. Байзақ ауданы Королевка орта мектебі (қазіргі №5 орта мектебі) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары , тарих пәні мұғалімі . 2018 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Байзақ ауданы №5 орта мектебінің директоры. 2026 жылдың 04 қыркүйегінен бастап Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінің директоры болып қызмет атқарады.