31
март
2026
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау
Құрметті ата-аналар!
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебіне 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 10 маусым – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Сонымен қатар:
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде мектепалды даярлықтан өткен балалар
1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Басқа мектепке ауысатын немесе алғаш рет қабылданатын балалар құжаттарын жалпы тәртіппен тапсырады.
Барлық ата-аналарды белгіленген мерзімдерді сақтауға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне
87263750319 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.