12
сентябрь
2025
"Қауіпсіз мектеп” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 12 қыркүйек күні “Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты:”Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-анамен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту. Ата-аналар жиналысына 1-2-3-4 сыныптың ата-аналары қатысты.Ата-аналар жиналысын бастауыш мұғалімдері: Ж.Сулейменова, Г.Абирова, Г.Омарова, Н.Даутбаева өткізді.