«Ғарыш әлеміне саяхат»
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 12 - сәуір Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында мектебіміздің оқушылары ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын сурет арқылы жеткізді. Жұлдызды аспан, зымырандар мен ғарышкерлер бейнеленген туындылар балалардың ой өрісінің шексіз екендігін дәлелдеді. Бұл көрме жас ұрпақтың елжандылық сезімін арттырып, ғылым мен білімге деген қызығушылығын оятуға зор ықпал етеді.