02
октябрь
2026
Ұстазыма ашық хат
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде Ұстаздар күніне орай мектептің тәлімгері А.Тугелбаева және өзін-өзі басқару ұйымының 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздарға құттықтау жасады.
Іс-шараның мақсаты – ұстаз еңбегін құрметтеу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, оқушылардың ұстаздарға деген сыйластығы мен алғысын білдіру, мектеп ұжымы арасында ізгі қарым-қатынасты нығайту.
Іс-шара барысында өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Ұстаздарға арналған құттықтау сөздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шығармашылық бағдарламалар ұйымдастырылды. Оқушылар ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынып, өз ризашылықтарын жеткізді