22
апрель
2026
«Ақаділ Суханбайев» атындағы музейге барды.
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 34 жылдығына орай , 2026 жылдың 9 сәуір -9 мамыр аралығында Төребай Ақбозов орта мектебінде “Патриот” әскери -патриоттық айлығының ашылуына байланысты 5 сынып оқушыларын «Әскери даңқ» тақырыбына сәйкес Жақаш ауылындағы «Ақаділ Суханбайев» атындағы музейге барды. Музей қорында батырдың жеке пайдаланған бұйымдары, фотосуреттері, марапаттары мен соғыс жылдарына қатысты құнды деректер сақталған. Бұл жәдігерлер оқушыларға өткен тарихтың шынайы келбетін танытып, батырдың ерлігіне деген құрмет сезімін оятады.
Саяхат барысында оқушылар батырдың балалық шағы өткен үймен де танысады. Бұл қарапайым ғана шаңырақ – болашақ батырдың тұлға болып қалыптасуына негіз болған қасиетті орын. Үй ішіндегі тұрмыстық көрініс, сол заманның тыныс-тіршілігі балаларға ерекше әсер қалдырып, оларды өткен кезеңмен іштей байланыстырады.
Экскурсия кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріліп, мазмұнды әңгімелер мен танымдық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл олардың қызығушылығын арттырып, алған әсерлерін тереңдете түседі.
Мақсаты: Жас ұрпақты елін қорғаған ер тұлға – Ақаділ Суханбайевтың өмір жолымен таныстырып, оның балалық шағы өткен ортаны көрсету арқылы оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тарихи танымын кеңейту.