05
июнь
2026
«Көгалдандырудың қыр -сыры» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде «Айгөлек» жазғы лагерінде мектеп тәлімгері А.Нигматуллаева «Көгалдандыру» үйірмеснде «Көгалдандырудың қыр -сыры» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Көгалдандыру – қоршаған ортаны көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ағаш, бұта, гүл және басқа да өсімдіктерді отырғызу мен оларды күтіп-баптау жұмыстарының жиынтығы. Көгалдандыру табиғатты қорғауға, ауаны тазартуға және адамдарға қолайлы, әсем орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Мақсаты: Балаларға көгалдандырудың маңызы туралы түсінік беру, өсімдіктерді отырғызу және күтіп-баптау дағдыларын қалыптастыру, табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.