1 қыркүйек-Білім күніне орай, "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде 1 қыркүйек-Білім күніне орай, "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында іс шара өтті. Іс-шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары Қарабатыров Мазатбек ағай, Өзбеков Марат ағай, "Қамқоршылық" кеңесінің төрайымы Бақтыбаева Маржан әпкей, аудандық мәслихат депутаты Жантаев Асылбек Жасұзақұлы және ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1- сынып бүлдішіндерін құттықтап, биылғы мектеп бітіруші түлектерге ізгі ниеттерін білдірді.