05
май
2026
«Біз бірлесіп Жеңіске жеттік» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде «Біз бірлесіп Жеңіске жеттік» тақырыбында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай 6-сынып оқушыларымен сынып жетекшілері, А Алишева және А. Нигматуллаева сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен қайсарлығын терең таныту, бейбіт өмірдің құндылығын ұғындыру болды.
Сынып сағатының барысында оқушылар сұрапыл соғыс кезеңінің тарихи тағылымымен танысып, ел қорғаған батырлардың асқақ ерлігі жайында тағылымды мәліметтер алды. Сондай-ақ, олар бейбіт өмірдің бағасын сезініп, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды.
Оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, елжандылық рухын нығайтуға, өткенге құрметпен қарап, болашаққа сеніммен қадам басуына бағытталды.