18
апрель
2025
«Асық ату» ұлттық ойынының ережесімен таныстырды.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Қ.Оразбеков, А.Қалабаев, Т.Қатықбаевтың ұйымдастыруымен оқушыларды салауатты өмір салтына , спорттық ойындарға машықтандыру мақсатында мектеп оқушыларымен спорт жеңімпаздарымен кездесу өтті. Спорт жұлдыздарымен кездесуге Байзақ ауданы «Асық ату» федерациясының 2016-2022 жылдары аралығында президенті, қазіргі таңда аға жаттықтырушы Туктеев Мұхтар ағаймен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға спортпен шұғылдану және ұлттық спорттың қыр-сыры мен адам денсаулығына пайдасы туралы айтты. «Асық ату» ұлттық ойынының ережесімен таныстырды. Оқушыларға мотивациялық кеңес берді.