18
февраль
2025
"Ауғанның асуында от кешкендер " тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді.
15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Биыл сол соғыстың аяқталғанына -36 жыл толып отыр. Осыған орай Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде мектеп тәлімгері А. Нигматуллаева және АӘ және ТД пәні мұғалімі Б Садықовтың ұйымдастыруымен "Ауғанның асуында от кешкендер " тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Ауған соғысының ардагері А. Ауэзов ағамыз қатысты. Іс-шараға қатысқан ардагеріміз оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып Отанға деген құрмет сезімдерімен бөлісті. Сонымен қатар, патриоттық өлеңдер оқылып оқушыларымыз керемет көңіл-күй сыйлады. Жиынды қорытындылаған АӘ және ТД пәні мұғалімі Б Садықов бүгінгі іс-шараға қатысқан Ауған соғысының ардагерін мерекесімен құттықтап, ардагерлердің өжеттігін үлгі етуге, есімдерін қастерлеуге шақырды.