Бүгін 19 наурыз – Жаңару күні. Биылғы жылдан бастап еліміз бойынша Наурыз мерекесін жаңа форматта атап өту енгізілді. Наурыз – жаңарудың, жақсылықтың мерекесі.
Жаңару күні көктемгі ағаш егу дәстүрі жаңғырып, еліміздің барлық өлкесінде жаңадан тал-теректер, жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылуда.
Төребай Акбозов атындағы орта мектебінде мектеп ұжымы мен оқушылары тал-теректер, жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызып, іс-шараға белсене атсалысып қатысты.