02
октябрь
2023
1-қазан қарттар күні
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінің «ЖасҰлан» ұйымының 7-сынып оқушылары 1-қазан қарттар күніне орай ауылымыздың қарт анасы Ырыскүл апаға құттықтау жасап өлеңдер оқып, ән, айтып жылы лебіздерін білдіріп қайтты. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақ жаулықты әжелеріміз бен ақсақалды аталарымыз аман болсын.