Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде "Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті" атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші болды. Кездесуге түрлі маман ардагерлері қатысты. 9-10-11сынып оқушылары мамандық таңдауда сұрақтар қойды. Қонақтар қызмет жолындағы жеткен жетістіктерімен бөлісті.