14
октябрь
2024
"Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ" атты ашық тәрбие сағатын өткізді
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінің 5"а" сынып жетекшісі А.Касымованың ұйымдастыруымен "Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығына" өткен "Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ" атты ашық тәрбие сағатын өткізді . Сабақтың мақсаты:
Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ашық тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар қаһарманның өмір жолы, майдандағы қызметі, білімі туралы өз ойдарын ортаға салды. Мұғалім оқушыларға нақты мәлімет берді.