14
декабрь
2023
"Көркем мінез- баға жетпес байлық" тақырыбында ата-аналарына арналған сабақ өтті.
Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Көркем мінез- баға жетпес байлық" тақырыбында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақ өтті. Сабақты ДТІЖО Н. Жаксыгулова, 11-сыныптың жетекшісі М. Ебенбаева және 5-9- сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Ақыл айтпа жол көрсет!" тақырыбында мектеп тәлімгері А. Түгелбаевамен 7-сынып жетекшісі С.Тайжұмаеваның ұйымдастыруымен педагогикалық қолдау сабағы өтті . Аталған шара барысында ата-аналардың белсенділіктері артып, өз эмоционалдық жай-күйлерін реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту барысында шағын топтардан жұмыстар, өзіндік сана-сезім, эмпатия қарым -қатынасты реттеу дағдыларын дамыту жаттығулары, жағдаяттарды шешу сияқты тапсырмалар орындады. Ата-аналар ойларын ортаға салып, бүгінгі күннің өзекті мәселесі- бала тәрбиесі тақырыбында ашық әңгіме жүргізді..



